Астанада балағат сөз айтқан көпбалалы ана сотталып жатыр

Астанада балағат сөз айтқан көпбалалы ана сотталып жатыр

Астанада балағат сөз айтқан көпбалалы ана сотталып жатыр
ашық дереккөзі
50300

Астанада балағат сөз айтқаны үшін 7 баланың анасы Асыл Ұшақбаева сотталып жатыр. Жалғызбасты анаға қала әкімдігінде шу шығарғаны үшін басында шартты жаза қолданса, енді соны қылмыстыққа ауыстырып, бас бостандығынан айыруды көздеп отыр деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Асыл Ұшақбаева 2022 жылы қала әкімдігіне барып шу шығарып, күзетшімен сөзге келіп қалғаны үшін 2 жылға шартты түрде сотталған.  Енді құзырлы органдар сот шешімі шығып қойған әкімшілік істі қылмыстық іс деп қайта қарап жатыр. Прокурорлар бұл жолы азаматшаны бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

«Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан. Істеген ісімді мойындаймын. Бірақ бұл жерде олар әкімшілік істі әдейі қылмыстық етіп отыр. Сол арқылы көпбалалы, жалғызбасты аналарды қорқытқылары келеді. Егер мен жазалансам, басқа аналар әкімдікке келуін қояды деп ойлайды. Керісінше бәрімізді ашындырып алатын болады», – деді ол.

Жалғызбасты ананың айтуынша, полицейлер бұған дейін де үйіне келіп, кінәсін мойындауды талап еткен. Балалары шошып жылаған соң, көршілері құтқарып қалған.

Сот ғимаратына қолдау үшін қаладағы 30-ға жуық ана келген. Олар алтын алқалы ананың балағат сөзі үшін бұлай соттаудың дұрыс емес екенін айтты.

Судья әлі де тергеу жүргізілу керек деп сотты кейінге шегерді. Келесі сот отырысы 2023 жылдың 27 қаңтарында өткізілмек.

Серіктес жаңалықтары