50380
«TikTok-тағы ойыннан балалар суицид жасауда» – ІІМ түсініктеме берді
«TikTok-тағы ойыннан балалар суицид жасауда» – ІІМ түсініктеме берді
Желіде ер адамның аудиожазбасы кеңінен таралып кетті. Дауыстық хабарламада автор 13 жасар қызы суицид жасағанын, ол мұндай қадамға TikTok желісіндегі ойыннан кейін барғанын айтады. Stopfake.kz оқиғаның мән-жайын анықтады деп хабарлады turkystan.kz.
Ер адамның айтуынша, қызы 12 қаңтарда өзіне қол салған. Дәл сол күні Таразда тұратын тағы екі бала TikTok-тағы ойын кесірінен қайтыс болған.
«12-сі күні 13 жасар қызымнан айырылдым. Әйеліммен үйге келгенде қызымызды баспалдақта асылып тұрған күйінде таптық. Балалардың телефонын тексеріп тұрыңыздар, өтінемін. Мұның барлығы телефоннан екен. TikTok-та бір ойын бар, онда турлардан өтеді. Алдымен, ұстараның жүзімен тамырын кеседі, кейін асылып өледі», - дейді аудиожазбадағы ер адам.Қазақстан Ішкі істер министрлігі бұл ақпарат жалған екенін айтады.
«Ақпарат расталған жоқ», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.