Мектеп қызметкері еңбек кітапшасын заңсыз жасатқанын мойындады (ВИДЕО)

/
Мектеп қызметкері еңбек кітапшасын заңсыз жасатқанын мойындады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Мектеп қызметкері еңбек кітапшасын заңсыз жасатқанын мойындады (ВИДЕО) Түркістан облысының Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы мектептердің бірінде директордың орынбасары болып жұмыс істеген Ұлжан Елмұратова еңбек кітапшасы жалған екенін мәлімдеген. Бұл туралы желі қолданушысы Құрал Сейітханұлы Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
10 минут уақытыңызды бөліп мына видеоны көріп шығыңыз. Ұлжан Елмұратова мына жерде қолдан жасалған еңбек кітапша арқылы мектепке жұмысқа кіргенін ашық айтып отыр. Кімге қанша пара бергенін де ашық айтты. Мынау не масқара енді? Мынаның сөз саптауынан-ақ  қаншалықты сауатсыз екенін байқауға болады емес пе? Ordabasy Prokuraturasy неге оның үстінен қылмыстық іс қозғамайды? Дәл осы мәселені Айгүл Орынбек әшкерелеген болатын. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Ауыл тұрғындарынан ақша бопсалағаны үшін және 20 жастағы балаға жала жауып, жеті айдан бері түрмеге қаматқаны үшін үстінен қылмыстық іс қозғалып, түрмеге қамау керек. Халықтың күтіп отырғаны осы! Жалған құжатпен жұмысқа кіріп, екі жыл бойы мемлекеттен жалақы алған. Осы қылмысы үшін жауап берсін, - деп жазды Құрал Сейітханұлы.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары