«AMANAT» партиясы «Жастарға кеңес» жобасын іске қосты

«AMANAT» партиясы «Жастарға кеңес» жобасын іске қосты

«AMANAT» партиясы «Жастарға кеңес» жобасын іске қосты
ашық дереккөзі
50232
Қазақстандық жастар баспана алу немесе емделу, кәсіп ашу, жұмысқа орналасу сияқты мәселелер бойынша қажетті кеңес ала алады. «AMANAT» партиясының жастар қанаты «Жастарға кеңес» жобасын іске қосты. Оның аясында мобильді кеңес беру пункттері базарларда, сауда үйлерінде, ауылдар мен моноқалаларда тұрақты негізде жұмыс істейді деп хабарлады turkystan.kz. Кеңес беру жұмысына «Жастар Рухының» қызметкерлері, Халықты жұмыспен қамту орталықтарының, «Отбасы банк» АҚ-ның, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, медициналық сақтандыру қорының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, өңірлік білім басқармаларының және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының мамандары атсалысады. «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев жастарды толғандырған мәселелерді шешуге бағытталған жоба тұрақты түрде жұмыс істейтінін атап өтті.  width=
«Мұндай кеңес беру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде қолға алынады. Жоба бәріне бірдей қолжетімді болуы үшін мамандар тек қалаларда ғана емес, сонымен қатар ауылдық жерлерде де жастарға кеңес береді», - деді ол.
Елордадағы «Астаналық» базарында жұмыс істейтін Марлен Сардаров есімді азамат бұл жоба жөнінде жарнамадан білгенін айтады.
«Базар қызметкерлерінің жұмыс кестесі тұрақсыз. Олар таңғы 6-дан кешкі 9-10-ға дейін жұмыс істейді. Сондықтан банк, емхана сынды жерлерге баруға уақыт табыла бермейді. Медициналық сақтандыру мәселесі бойынша сұрағым бар еді», - деді ол.
Осындай жұмыс Шымкентте де жүргізілді. Жергілікті тұрғын Ерік Рүстемнің айтуынша, «Жастарға кеңес» жобасы арқылы тұрғын үй бағдарламалары туралы ақпарат алу – өте ыңғайлы. Петропавлда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері де жобаға қызығушылық танытты.  width= Кеңес беру іс-шараларының кестесімен «Жастар Рухының» әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан танысуға болады: Instagram, Facebook, Telegram.

Серіктес жаңалықтары