Антикор шетелден қайтарылған 38 млрд теңгені қайда жұмсайды?

Антикор шетелден қайтарылған 38 млрд теңгені қайда жұмсайды?

Антикор шетелден қайтарылған 38 млрд теңгені қайда жұмсайды?
ашық дереккөзі
50198

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Асхат Жұмағали елге қайтарылған қаражат мектеп салу мен жөндеуге жұмсалатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі активтерді қайтару және келтірілген залалды өтеу бойынша жұмысты жалғастыруда. Агенттік төрағасының күнделікті үйлестіруімен жедел-тергеу құрылымдық бөлімшелерінің жолға қойылған жұмысы дәлелдемелерді уақтылы белгілеуге, бекітуге және тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді» деп жазды Асхат Жұмағали Facebook желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, өзекті істер агенттік төрағасының жеке қадағалауында.

«Мәселен, өткен айда шет елден 82 млн АҚШ доллары қайтарылды. Нәтижесінде ел бюджеті тағы 38 млрд теңгеге толықты. Істер бойынша алынған ақшалай қаражат «Білім инфрақұрылымын қолдау қорына» жіберіліп жатыр. Қазір арнайы шотта, шамамен, 120 млрд теңге жинақталған. Ол қаржы мектеп салуға және жөндеуге пайдаланылады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары