Бесінші қабатқа атпен шыққан қарағандылық қамауға алынуы мүмкін (ВИДЕО)

Бесінші қабатқа атпен шыққан қарағандылық қамауға алынуы мүмкін (ВИДЕО)

Бесінші қабатқа атпен шыққан қарағандылық қамауға алынуы мүмкін (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50535
Ат үстінде отырып, көпқабатты үйдің баспалдағымен жоғары көтерілген қарағандылық 10 күнге түрмеге қамалуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 51 жастағы Шашубай кентінің тұрғынын анықтады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабымен хаттама толтырылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Ер адамға құқықбұзушылық әрекеті үшін 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады», - делінген полиция мәліметінде.
Видео Тик-ток желісінде тараған. Ер адам атпен 5-қабатқа баспалдақпен шығып, онысын видеоға түсірген.

Серіктес жаңалықтары