Қасым-Жомарт Тоқаев Непал Президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Непал Президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Непал Президентіне көңіл айтты
ашық дереккөзі
50363
Мемлекет басшысы Непал Президенті Бидхья Деви Бхандариге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады turkystan.kz. Қасым-Жомарт Тоқаев Покхара қаласының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды күйзеліспен қабылдады. Мемлекет басшысы жеделхатта Непал Президентіне және қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Еске салсақ, Непалдағы Покхара қаласында ішкі рейс ұшағы апатқа ұшырап, 72 адам қаза тапты. Ұшақ бортында 68 жолаушы және экипаждың төрт мүшесі болған.

Серіктес жаңалықтары