«Зергерлік саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында бірқатар қаржылық және қаржылық емес ынталандыру шаралары көзделген. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы іске асырылуда. Мәселен, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау аясында жылдық мөлшерлемесі 6% болатын кредиттер беріледі. 5 жыл мерзіммен берілетін кредит сомасы бір кәсіпкер үшін 3 млрд теңгеге дейін. Кредитті кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда ішінара кепілдік беріледі. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдіктің ең жоғары мөлшері 85%, жұмыс істейтіндер үшін – 50%. Кепілдік сомасы – тиісінше 360 млн теңгеден және 1 млрд теңгеден аспайды. Сыйақының жеңілдікті мөлшерлемесі бойынша микрокредиттер беру 5% мөлшерінде жүзеге асырылады», - делінген Смайыловтың жауабында.
Премьер-министр 6 пайыздық несиені кімдер алатынын айтты

Премьер-министр 6 пайыздық несиені кімдер алатынын айтты
Қазақстанда зергерлік бұйымдар өндірісін қолдау үшін Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 6 пайыздық несие беріледі. Премьер-министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында келтірген дерегінде осылай деді деп жазды turkystan.kz.