Шаңғы спортынан елімізді әлемдік аренаға шығаруға мүмкіндік жоғары - Берік Жакенов

Шаңғы спортынан елімізді әлемдік аренаға шығаруға мүмкіндік жоғары - Берік Жакенов

Шаңғы спортынан елімізді әлемдік аренаға шығаруға мүмкіндік жоғары - Берік Жакенов
ашық дереккөзі
50497
Елордада «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының қолдауымен жергілікті шаңғы спорты федерациясы шаңғымен сырғанаудан жарыс өткізді деп хабарлады turkystan.kz. Додаға 5 пен 70 жас аралығындағы 200-ден аса спортшы қатысты. Басты шарт – жас ерекшелігіне қарай белгіленген қашықтықты ең аз уақытта жүріп өту. Қатысушыларға Street Workout бойынша әлемнің және ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы Айтым Жақыпов, ММА шебері Василий Тахтай секілді белгілі спорт саңлақтары қолдау білдіріп, жігерлі сөздерін арнады. «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Берік Жакенов бас қаланың климаты қысқы спорт үшін өте қолайлы екенін айтып, шаңғы спортынан елімізді әлемдік аренаға шығаруға мүмкіндік жоғары екенін жеткізді.
«Астананың климаты мен аязы қысқы спорт түрлерімен айналысып, оны дамытуға өте қолайлы. Осы шара арқылы партия тек жазғы спорт түрлерін ғана емес, өз деңгейінде дамып келе жатқан қысқы спорт түрлерін барынша қолдайтынын көрсетті. Біз жақында құрамамызбен Швейцария елінің Давос қаласына барып келдік. Ол жақта әлем кубогының чемпионаты өтті. Жас спортшыларымыз әлемдік деңгейдегі спортшылармен сынға түсіп, оң нәтиже көрсетті. Бұл біздің спортшыларға үлкен мотивация. Шаңғы спортынан елімізді әлемдік аренаға шығаруға және потенциалымызды көрсетуге барлық мүмкіндік бар», – деді Берік Жакенов.
Топ ішінен кәсібилігімен ерекшеленген 10 жасар Амангелді Нұрмахан №40 мектептің намысын қорғады. 3 айдан бері шаңғымен шұғылданып жүр. Одан бөлек күреспен де айналысады. Салауатты өмір салтын ұстанған Амангелді болашақта атақты спортшы болғысы келетінін жеткізді.
«Шаңғы спортына қызығушылығым жоғары. Әкем мен ағам осы спорт түрін қатты ұнатады. Сондықтан күрес пен шаңғыны қатар алып жүруді жөн көрдім», – дейді Амангелді Нұрмахан.
Жарыс соңында жеңімпаздар медальмен марапатталып, дипломға ие болды.  width=

Серіктес жаңалықтары