50356
«Құқықтық көмек»: Атырау облысында тегін заңгерлік кеңес беріле бастады
«Құқықтық көмек»: Атырау облысында тегін заңгерлік кеңес беріле бастады
Белгілі құқық қорғаушы Абзал Құспан бастаған бір топ заңгер «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында Атырау облысының елді мекендерін аралайды. Аталған жоба жуырда пилоттық режимде іске қосылды деп хабарлады turkystan.kz.
Олар сотта және тағы басқа жағдайда арыз-талап толтыру, өкілеттік ету, өзін қорғау мәселелері бойынша азаматтарға кеңес береді. Көрсетілген заңгерлік көмек үшін ешқандай ақы алынбайды.
Осылайша «Құқықтық көмек» жобасы Атырау облысының келесі ауылдық елді мекендерінде бастау алады:
Партияның республикалық қоғамдық қабылдау орталығының 8-800-080-44-41 телефоны немесе жоғарыда көрсетілген телефондар арқылы қабылдауға жазылуға болады.
Күні | Уақыты | Елді мекен атауы | Мекенжайы | Телефоны |
13.01.2023 | 11:00 | Индер ауданы, Индербор кенті | Д. Қонаев көшесі, 12а | 87123420253 |
14.01.2023 | 11:00 | Мақат ауданы, Мақат кенті | Қ.Сәтбаев көшесі, 74 | 87123932389 |
15.01.2023 | 11:00 | Жылыой ауданы, Құлсары қ. | М.Өтемісов даңғылы, 205 | 87123750965 |
16.01.2023 | 11:00 | Атырау қ. | Әйтеке би көшесі, 79А | 87122519851 |