51687
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң: өтінішті қалай береді?
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң: өтінішті қалай береді?

2022 жылы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңға қол қойылды. Заң 1 қаңтарда ресми түрде жарияланды. 2023 жылдың 3 наурызынан бастап қарыздары бар, сол қарыздарын өтей алмайтын азаматтар аталған Заң бойынша банкроттық туралы өтініш бере алады? Turkystan.kz өтінішті қалай, кімге, қашан беруге болатын туралы ақпаратты ұсынады.
Халықаралық тәжірибені ескере отырып, заңда 3 түрлі рәсім көзделген. Олар – соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Аталған рәсімдерге тек қарыз алушының өзі бастамашы бола алады, яғни кредитор борышкердің банкроттығына өтініш беруге құқылы болмайды.
Бірінші рәсім – соттан тыс банкроттық. Оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады. Ол үшін келесі шарттар сақталуы қажет:
- Борыш 5,5 млн теңгеден аспайды;
- Кредит 12 ай бойы өтелмеген болса;
- Меншігінде тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік болмаған жағдайда;
- Банкпен реттеу жүргізілгеннен кейін.
- заңды тұлғалардың және ДК банкроттығы рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер;
- кәсіби бухгалтерлер;
- заң консультанттары;
- аудиторлар кіреді.
- мүліктің бір бөлігін сатуды;
- мүлікті жалға беруді;
- жаңа үй сатып алу арқылы тұрғын үйді сатуды;
- құны төмен тұрғын үйге айырбастауды және басқаны қамтиды.
- 5 жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға шектеу (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);
- банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдану мүмкіндігі;
- 3 жыл бойы қаржы жағдайының мониторингі.
- Бұл туралы ақпарат Қаржы министрлігі мен ведомствоның кірістер комитеті сайтында жарияланады;
- 1414 (қосымша нөмір 3) нөміріне хабарласуға болады;
- Тelegram-чатта ботқа қосылуға болады.