50291
МӘМС-тің 17,5 млн теңгесін жымқырған: Ақтау филиалының басшысы ұсталды
МӘМС-тің 17,5 млн теңгесін жымқырған: Ақтау филиалының басшысы ұсталды
МӘМС-тің 17,5 млн теңгесін жымқырды деген күдікпен Ақтаудағы филиалының басшысы ұсталды. Ақтаудағы мемлекеттік әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры филиалының басшысы Руслан Бектібаевтың 2 айдан бері қамауда отырғаны белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz atamekenbusinees-ке сілтеме жасап.
Ол қордан 17,5 млн теңге жымқырды деген күдікке іліккен. Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықовтың, Ladakz порталына берген мәліметінше, Бектібаевпен бірге бұл істе, күдіктілер қатарында жеке медициналық фирманың директоры да бар.
Ол қор басшысымен тегін медициналық көмек шеңберінде, медициналық қызметтерді сатып алуға шарт жасасқан. Нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігінің базасына, емделуге немесе дәрігердің кеңесіне жүгінген адамдар туралы жалған мәліметтер берген.
Руслан Бектібаевтың кінәсі дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.