«30 градус аяз болады»: 6 өңірде ескерту жарияланды

«30 градус аяз болады»: 6 өңірде ескерту жарияланды

«30 градус аяз болады»: 6 өңірде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
50260

Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты аяз болып жатыр. Мектептер онлайн оқуға ауысып, адамдардың жүріп-тұруы қиындаған.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 30-33 градус қатты аяз болады.

Түркістан облысының басым бөлігінде 25-27 градус қатты аяз болжанады.

Шымкентте түнде 25 градус қатты аяз күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 19-24 градус аяз сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады.

Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 18-23, екпіні 23-28, түнде кей уақытта 30 м/с және одан жоғары.

Серіктес жаңалықтары