Қарағандыдағы 16 қабатты тұрғын үйде газ жарылды (ВИДЕО)

Қарағандыдағы 16 қабатты тұрғын үйде газ жарылды (ВИДЕО)

Қарағандыдағы 16 қабатты тұрғын үйде газ жарылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қарағанды қаласында көпқабатты тұрғын үйде газ жарылды. Қазір адамдарды құтқару және эвакуациялау жүріп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Ведомствоның мәліметінше, бір кіреберісі бар 16 қабатты үйдің болжам бойынша 8-қабаттағы пәтерінде газ жарылысы болған.
Оқиға орнына жеткен кезде анықталғандай, 8-қабаттағы пәтер ашық жалынмен жанып жатыр. Құтқарушылар пәтерлерден адамдарды құтқару және эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде. Үй кіреберісіне түтін қатты тараған. Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің, шұғыл-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдары, барлығы жеке құрамның 50 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды, - делінген ұсынылған хабарламада.
Қауіпсіз жерге шығарылған тұрғындарды жылыту үшін оқиға орнына Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 3 вахталық автобусы жөнелтілді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Қарағанды Облысы Тжд (@qaragandy_tjd)

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)