Бестөбедегі шахтадан алтын іздеген шетел азаматы қаза тапты

Бестөбедегі шахтадан алтын іздеген шетел азаматы қаза тапты

Бестөбедегі шахтадан алтын іздеген шетел азаматы қаза тапты
ашық дереккөзі
50432
Бестөбе кенішінің жұмыс істемейтін шахтасы аумағынан өз бетімен алтын іздеген адамның денесі табылды. Бұл туралы «Алтыналмас» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға туралы полицияға шахтаның кезекші қызметкері хабарлаған. Шахта ішінен опат болған адамның денесін өзге ұрылар сыртқа алып шыққан. Опат болған 1982 жылғы Өзбекстанның тумасы болып шықты. Басқа қаскөй өлі адамның үстінен түскен. Ол оны «кандейканың» (кеншілердің демалыс бөлмесі) маңында шалқасынан жатқан өлі күйінде тапқанын айтады. Мәйіттің жанында тастар жатыпты. Оның айтуынша, марқұм шахтада 18 күн болған. Ал куәгердің өзі шахтада жүргеніне екі апта болған.
«Ол өзінің серіктесімен бірге өлі адамды қапқа салып, «Центральная» шахтасының 475-ші горизонтынан сыртқа алып шыққан, сол арада олар ұсталып қалды. Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Шахта тиесілі «Алтыналмас» АҚ-ның хабарламасында адамдарға Бестөбе кенішінің шахтасында құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіру қаупі туралы бірнеше рет ескертілгені айтылған. Бүгінгі күні шахта жабулы тұр: электрондық және телефон байланысы ажыратылды, шахталардың оқпандары түсірілді, жүріс бөлімдерінің люктері бекітіліп, есіктер мөрленіп, күзетке тапсырылды, желдету жүйесі жұмыс істемейді, көтергіш қондырғылар да жұмысын тоқтатқан, оларды іске қосу мүмкін емес. Сонымен қатар, кеніш жер асты суларына тола бастаған.

Серіктес жаңалықтары