50247
Зейнетке шыққандар жұмыстан шектеле ме? – Министр жауап берді
Зейнетке шыққандар жұмыстан шектеле ме? – Министр жауап берді
Абай ауданының тұрғыны «Ашық диалог» порталында қазақстандықтардың жұмыс істеу жасына шектеу енгізуді ұсынған болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ұсынысқа жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.
Оның айтуынша, зейнеттегілердің жұмысқа шығуына шектеу жасау Еңбек кодексіне қайшы келеді.
Ал ұсыныс білдіруші зейнеткерлерді құрметтейтінін, алайда жасы келгендер демалысқа кетіп, еңбекке жарамды жастарға орын босатуы керек екенін айтып отыр.
«Еңбек кодексінің 6-бабының 2-тармағына сәйкес, ешкімді еңбек құқықтарын жүзеге асыру кезінде шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, көзқарасына байланысты, дініне, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе физикалық кемістігіне, қоғамдық бірлестіктерге мүшелігіне немесе басқа да жағдайларға байланысты кемсітуге болмайды», - деді Дүйсенова.Министр қазақстандықтарды жұмысқа орналастыру үшін «Алғашқы жұмыс», «Ұрпақтар келісімі», «Жастар тәжірибесі», «Күміс ғасыр» жобалары жұмыс істеп жатқанын айтып өтті.