БҚО-да аяздың күшеюіне байланысты көлік қозғалысы шектелді

БҚО-да аяздың күшеюіне байланысты көлік қозғалысы шектелді

БҚО-да аяздың күшеюіне байланысты көлік қозғалысы шектелді
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысында аяздың күшеюіне байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады turkystan.kz. «ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша, 9 қаңтар күні жергілікті сағат 23.30-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты Самара-Шымкент автожолында (394-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) жолаушылар автобусы мен дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін қозғалыс шектелді. Шектелу себебі – ауа температурасы -30°С-қа дейін төмендеген. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын жеткізді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда мал бағып жүріп жоғалып кеткен жасөспірімнің табылғанын жазған едік.