Бразилиядағы жаппай тәртіпсіздік: ел астанасында төтенше жағдай жарияланды

Бразилиядағы жаппай тәртіпсіздік: ел астанасында төтенше жағдай жарияланды

Бразилиядағы жаппай тәртіпсіздік: ел астанасында төтенше жағдай жарияланды
ашық дереккөзі
Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонарудың жүздеген жақтасы елдің Ұлттық конгресіне басып кірген деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Тұрғындар бір апта бұрын сайланған жаңа Президент Лула да Силваның билігіне қарсы және Жаир Болсонардың сайлауда жеңілгенін мойындамай отыр. Ал наразылық жаңа президент Лула да Силваның инаугурациясынан кейін бір апта өткен соң басталған. Қазір ел астанасында төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі таңда жұмыс сапарымен Сан-Паулу штатында жүрген Луис Инасиу Лула да Силва бүлікшілерді «вандализм мен фашизм әрекетін» жасады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, ел тарихында мұндай оқиға болмаған.
Мен іссапарды мерзімінен бұрын аяқтап, Бразилияға ораламын!  Бұл тәртіпсіздіктердің артында кім тұрғанын анықтаймын. Енді мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеймін және кінәлілер жазаға тартылады, - деді Лула да Силва.