Абай облысында боранда жоғалып кеткен отбасы табылды

Абай облысында боранда жоғалып кеткен отбасы табылды

Абай облысында боранда жоғалып кеткен отбасы табылды
ашық дереккөзі
Абай облысының Үржар ауданында жоғалып кеткен отбасы табылды деп хабарлады turkystan.kz. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үржар ауданы Бестерек ауылдық округіне қарасты таулы аймақта 1 отбасындағы 3 адам тауға серуенге шығып, қалың қар мен боранның салдарынан хабарсыз кеткен.
«Адамдардың жоғалып кеткендігі туралы отбасының таныстары хабарлағаннан кейін аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар мамандары мен «Тарбағатай» ұлттық паркінің қызметкерлерінен құрылған арнайы құтқарушылар тобы іздеуге аттанған. Олардың жедел әрекет етуінің нәтижесінде жоғалған адамдар табылды», - делінген ведомство таратқан хабарламада.