McDonald's алдына аза тұту гүлдестесін қойған ер адам ұсталды

McDonald's алдына аза тұту гүлдестесін қойған ер адам ұсталды

McDonald's алдына аза тұту гүлдестесін қойған ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
Қостанайдағы McDonald's фаст-фуд желісі ғимаратының алдына аза тұту гүл шоғын қойған ер адам ұсталды, деп хабарлайды tyrkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.  31 жастағы Қостанай тұрғыны гүлдесте қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ол бұл әрекетке досымен бәстескендіктен барған.
Қостанай қаласының Полиция басқармасы қала тұрғынына қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік материал жиналғанын хабарлады. Іс жүргізу шешімін сот қабылдайды. Сонымен қатар ұсталған кезде бұл азамат көлік құралын пайдалану ережелерін бұза отырып автокөлік жүргізген. Жол ережесін бұзғаны үшін де ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп жазылған ресми мәліметте.