Республикалық жедел-құтқару жасағы тобы мен Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағы бірігіп Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық автокөлік табылды. Адамдардың саны анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы да сол жерде екен. Көбісінің көлігінде жанармай таусылып қалған. Қазіргі уақытта құтқарушылардың күшімен автокөліктерге жанармай құю және адамдарды машиналарымен колонна арқылы эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде, – делінген хабарламада.Бүгін таңертең Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімі пультіне бір отбасының жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен болатын.
Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы табылды

Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы табылды
Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы мүшелері аман-есен табылды деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.