Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты:
- Ресей президенті Владимир Путин,
- Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин,
- Қырғызстан президенті Садыр Жапаров,
- Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон,
- Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов,
- Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев,
- Армения президенті Ваагн Хачатурян,
- Армения премьер-министрі Никол Пашинян,
- Беларусь президенті Александр Лукашенко,
- Рим Папасы Франциск,
- Вьетнам президенті Нгуен Суан Фук,
- Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер,
- Италия президенті Серджо Матарелла,
- Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух,
- Корея президенті Юн Сок Ёль,
- Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди,
- Жапония премьер-министрі Фумио Кишида,
- Жаңа Зеландияның генерал-губернаторы Синди Киро,
- сонымен қатар бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, шет мемлекеттердің көрнекті мемлекет қайраткерлері, шетелдік ірі компаниялардың, банктердің, қаржы институттарының, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен басқа да ресми тұлғалар құттықтады.