50446
Тәшімбаеваны «Әлем аруы Қазақстан-2022» атағынан айырды
Тәшімбаеваны «Әлем аруы Қазақстан-2022» атағынан айырды
«Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастырушылары «Әлем аруы Қазақстан-2022» тәжін киген 19 жастағы алматылық Диана Тәшімбаевадан титулын тартып алды. Бұл туралы ұйымдастырушылар комитеті ресми мәлімдеді.
««Әлем аруы Қазақстан-2022» тәжін киген Диана Тәшімбаеваның жариялаған жазбалары мен тікелей эфирдегі айтқан барлық жалаларын ескеріп, біз оны бұл атақтан айырдық. Оның айтқан жалалары тек ұйымдастырушыларға ғана емес, басқа да қатысушыларға зиянын тигізіп отыр. Біз мұны өзгенің еңбегін бағаламау, сыйластық танытпау деп санаймыз. Қарапайым қыздардың жұлдыз болуы үшін ұйымдастырушылар комитеті тек үлкен жұмыс қана жасамайды, сонымен бірге серіктестер мен қатысушылардың алдындағы үлкен жауапкершілікті арқалайды», - делінген хабарламада.Ұйымдастырушылардың есебінше, Диана Тәшімбаеваның байқауға қатысуы, оның пиар-компаниясын ұйымдастыруға, имиджін дайындауға қомақты қаражат кеткен. Сондықтан ұйымдастырушылар мұндай атаққа ол лайық емес деп шешкен. Бұған дейін белгілі болғандай, Диана Тәшімбаева ұйымдастырушылар комитетін сынап, олардың «Әлем аруы» байқауына баратын шығындарын қаржыландырудан бас тартқанын айтқан.