50347
«Келесі жыл да оңай болмайды» – Тамара Дүйсенова
«Келесі жыл да оңай болмайды» – Тамара Дүйсенова
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2023 жылға арналған қысқа ғана болжамын жасады.
Оның айтуынша, келесі жыл да ауыр болады:
«Келесі жыл да оңай болмайды, бірақ біз алға қойған мақсатқа жетуіміз керек. Геосаяси жағдайды айтпасам да білесіздер. Ең бастысы, біздің биыл басымыздан өткізген қиын кезеңдер мен тұрақтылықты және бейбітшілікті сақтап қалғанмыз», - деді министр.Министр 2023 жылы 150-160 мыңға жуық қазақстандық зейнетке шығатынын, бұрын бұл 120 мың шамасында екенін атап өтті. Айта кету керек, 26-желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «әйелдердің зейнет жасын тоқтату» туралы заңға қол қойған болатын.