СҚО-да білім бөлімінің басшысы екі баппен күдікке ілікті

СҚО-да білім бөлімінің басшысы екі баппен күдікке ілікті

СҚО-да білім бөлімінің басшысы екі баппен күдікке ілікті
ашық дереккөзі
50263
Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Қазір ол қамауда отыр деп хабарлады turkystan.kz. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, Мағжан Жұмабаев ауданы білім бөлімінің басшысы Сара Рамазановаға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік қызметкерге ҚР Қылмыстық Кодексінің 366 және 367-баптары бойынша іс қозғалған.
«Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен С.М. Рамазанова қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары