Шахматшы Динара Сәдуақасова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Шахматшы Динара Сәдуақасова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Шахматшы Динара Сәдуақасова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
ашық дереккөзі
50587
Алматыда шахматтың рапид түрінен өткен әлем чемпионатында қазақстандық Динара Сәдуақасова әйелдер арасында күміс медаль иеленді деп хабарлады turkystan.kz. 26-28 желтоқсан аралығында өткен турнирге әлемнің үздік спортшылары қатысты. Рапид – ойлаудың уақыты шектеулі ойын түрі. Алматыдағы турнирлік қашықтық 11 турдан тұрды. Берілген уақыт - бүкіл ойын үшін әрбір қатысушыға 15 минут + 10 секунд.  width= Әлем чемпионы атағы қытай шахматшысы Тань Чжуниға бұйырды. Ал қола медальды үндістандық Савита Шри алды. Тағы бір қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік бесінші орыннан көрінді. 12-турдан соң Сәдуақасова мен Чжуни тай-брейкке шығып, жеңімпаз қосымша ойында анықталды. Тай-брейкте қытай шахматшысы басым болды. Айта кетейік, Тань Чжуни – шахматтан гроссмейстер, 2017-2018 жылғы шахматтан әлем чемпионатында жеңіске жеткен. Ал Сәдуақасова әйелдер арасында гроссмейстер, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Шахматтың рапид түрінен былтырғы әлем чемпионатында қазақстандық Бибісара Асаубаева да күміс медаль алған еді.

Серіктес жаңалықтары