50269
Ұлытау облысындағы жарылыстан 16 адам зардап шекті
Ұлытау облысындағы жарылыстан 16 адам зардап шекті

Ұлытау облысында газ баллоны жарылып, 16 адам зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін Жаңаарқа кентіндегі үйлердің бірінің моншасында газ баллоны жарылды. Салдарынан 50 шаршы метр аумақта өрт болды», - делінген ақпаратта.
Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға болған үйде ас берген. Жарылыс салдарынан 16 адам зардап шекті, олардың 8-і ауруханаға жатқызылды, біреуінің жағдайы ауыр. Сегіз адамды үйіне жіберген.
Қауіпсіздік техникасы өрескел бұзылған. Газ баллонын аяздан әкеліп, жылыту құрылғысының жанына қойған.