Шымкенттегі 73 елді мекен сапалы электр жарығымен қамтылды

/
Шымкенттегі 73 елді мекен сапалы электр жарығымен қамтылды
ашық дереккөзі
Шымкенттегі 73 елді мекен сапалы электр жарығымен қамтылды Наурызда «Amanat» партиясы Абай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Абай ауданы Солтүстік-Саяжай елді-мекенінің тұрғыны Өмірзақ Мақсат есімді азамат аталған елді мекенді сапалы электр жарығымен қамту бойынша өтініш білдірді. Аталған мәселе бойынша жауапты мекемелермен хабарласып, жалпы, Шымкент қаласы бойынша 81 елді мекеннің 73-і сапалы электр жарығымен қамтылған, қалған 8 елді мекенді электр жарығымен қамту бойынша жұмыстар жыл соңына дейін жүргізілетіні айтылды. Абай ауданы бойынша Жаңаталап және Солтүстік – саяжай елді мекендерін сапалы электр қуатымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жаңа электр бағаналары мен қосымша қуатты трансформаторлар орнатылды. Қазіргі таңда абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары