2023 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады?

2023 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады?

2023 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады?
ашық дереккөзі
50709
Жаңа жылда ең ұзақ демалыс күндері қаңтар мен наурыз айында болады деп хабарлады turkystan.kz. 2023 жылы бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 245 жұмыс және 120 демалыс күн бар. Келер жылы ең көп демалатын күндер қаңтар мен наурызда – 12 күн. Ал ақпан мен қарашада 8 күн демалыс. 2023 жылы мереке күндерінің көп бөлігі аптаның ортасына түсетіндіктен, демалыс күндері өте аз. Ең ұзақ демалыс күндері: қаңтарда Жаңа жылға 3 күн – 1, 2 және 3 қаңтар; наурызда 3 күн – 21, 22 және 23 наурыз; сәуір мен мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн – 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн – 6, 7, 8 және 9 мамыр; шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн демалыс болады – 6, 7, 8 және 9 шілде; желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн – 16, 17 және 18 желтоқсан, өйткені 16-сы сенбіге сәйкес келеді. 2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді. Себебі, 7 қаңтар сенбіге сәйкес келеді. Егер діни мереке сенбі немесе жексенбіге сәйкес келсе, қосымша демалыс берілмейді. Құрбан айт 2023 жылы 28 маусымға сәйкес келмек.

Серіктес жаңалықтары