50301
Бүгін ауа райы қандай болады?
Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктері 27 желтоқсан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Атмосфералық фронттардың әсерінен елдің оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Еліміздің қиыр солтүстігінде аздаған қар жауады.
Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі, елдің оңтүстігі мен шығысында жел күшейеді.