Еліміздің бірқатар аймақтарында дауылды ауа райы сақталады деп хабарлады turkystan.kz. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 15-20 м/с-қа дейін, 26 желтоқсанда түнде екпіні 25 м/с-қа дейін барады. Тараз қаласының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Жетісу облысының солтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с-қа дейін баратын жел соғады. Қостанай облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші өңірдің солтүстігінде 15-20 м/с болады деп күтілуде. Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыс орталығында шығыстан соғатын желдің күші - 15-20 м/с. Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Оңтүстікте, Түркістан облысының тау бөктерінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Жүктелуде...