Атырауда өз үйін өртемек болған ер адам іздестіріліп жатыр

Атырауда өз үйін өртемек болған ер адам іздестіріліп жатыр

Атырауда өз үйін өртемек болған ер адам іздестіріліп жатыр
ашық дереккөзі
50240
22 желтоқсан күні уақыт 21:12 шамасында «102» арнасына 1992 жылы туған келіншек хабарласып, жолдасы мас күйінде үйдің есігін бұзып кіріп, үшкір затпен қорқытып жатқаны жөнінде хабарлама берген деп жазды turkystan.kz ІІМ-ге сілтеме жасап. Аталған мекен-жайға дереу жеткен Батыс-58 экипажы үйдің ішінен түтін шығып жатқанын байқап, жедел түрде әрекет етумен 1992 жылы туған әйел мен оның 4 жастағы баласын қауіпсіз жерге шығарып, өртті ауыздықтаған. Ал мас күйде келіп, әйелін қорқытып, үйді өртке ораған ер азамат жанжал үстінде полиция қызметкерлері келгенше оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция қызметкерлері әйел мен баланы «Аналар үйіне» орналастырған. Ал ер азаматқа қатысты жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары