Жанкүйерлерді жеңісіммен қуантуға тырысамын – Абылайхан Құсайынов

Жанкүйерлерді жеңісіммен қуантуға тырысамын – Абылайхан Құсайынов

Жанкүйерлерді жеңісіммен қуантуға тырысамын – Абылайхан Құсайынов
ашық дереккөзі
50338
Үш жылға жуық жекпе-жек өткізбеген кәсіпқой боксшы Абылайхан Құсайынов 24 желтоқсан күні SADU Arena-да өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстандық былғары қолғап шеберінің бұл жолғы қарсыласы – тәжікстандық Баховар Сагизов. Бүгін Абылайхан Boxing Stars & Lucky Cent бірлесе ұйымдастырған эксклюзивті бокс кешінің салмақ өлшеу және көз түйістіру рәсімінен кейін мәлімдеме жасады.
 «Ұзақ уақыт шаршы алаңға шыққан жоқпын. Боксты сағындым. Мені боксшылар қатарынан сызып тастағандарға: «әлі де айтарым бар, асықпаңыздар» дегім келеді. Ертең жекпе-жегімді асыға күтіп жүргендерге тамаша тосын сый жасап, жанкүйерлерді жеңісіммен қуантуға тырысамын», - деді Құсайынов.
 width=  width=  width=  

Серіктес жаңалықтары