STEAM Academia Қазақстандағы ең қабілетті мұғалімді іздейді

STEAM Academia Қазақстандағы ең қабілетті мұғалімді іздейді

STEAM Academia Қазақстандағы ең қабілетті мұғалімді іздейді
ашық дереккөзі
50598
Заман қазір педагог маманнан тек оқытуды, тәрбиелеуді ғана емес, оқушылармен қарым-қатынасты соның тілінде жүргізуге, коммуникацияны барынша креативті жолмен беруді талап етеді. Нарық сұранысына сай болу үшін әр педагог алдына бір емес, бірнеше мақсат қояды. Яғни заман талабына сай мұғалім болу – жаңа ұрпақтың таңдауы. Осы деңгейге, жетістікке жету үшін Қазақстанда да барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, STEAM Academia – оқу мен дамуды ғана емес, жаңа идеялардың жаршысы болуға көмектеседі. 2022 жылдың 5-25 желтоқсан арасында «Оқытуда интерактивті технологияларды практикалық қолдану» тақырыбы аясында қазақстандық физика, химия және биология пәндерінің мұғалімдері арасында онлай-байқау өтіп жатыр. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болады, бас жүлделер:   Бірінші орынға – Apple MacBook ноутбугы беріледі Екінші орынға – Iphone   Үшінші орынға – планшет Бұдан бөлек ерекшеленген қатысушыларға SMART-сағат сыйланады. Байқаудың басты мақсаты Мұғалімдердің заманауи интерактивті бағдарламаларды қолдану дағдыларын жетілдіру және осы дағдылар арқылы мұғалімдер: - дайын материалдарды пайдалана отырып, оқу материалдарын әзірлеу уақытын қысқартады; - модельдерді, сондай-ақ анимацияны пайдалану арқылы ғылым туралы түсініктерін кеңейтеді және оқушылардың қызығушылығын оята алады; - пән сабақтарын жаңа, қызықты форматта өткізуге мүмкіндігі болады; - студенттермен тікелей қарым -қатынас жасайды. Жалпы ережелер Осы ереже байқаудың мақсаттары мен міндеттерін және орындалу ретін айқындайды. Байқау мектеп аясында оффлайн немесе онлайн форматта мектеп мұғалімдері мен оқушылары арқылы өткізіледі. Жеңімпаздарды тәуелсіз комиссия анықтайды. Іріктеудің негізгі критерийлері: шығармашылық, мазмұны, презентация сапасы, көрсетілген шарттарға сәйкестігі. Байқау басталған күннен бастап жеті (7) күн жалғасады. Осы кезеңде интерактивті бағдарламалар мен оқытудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып және барлық сынып оқушылары қатысуымен толыққанды бейне сабақты түсіріп, жоғарыда көрсетілген поштаға жіберу қажет. Байқауға келесі пәндер бойынша орта және жоғары сынып мұғалімдері қатыса алады: биология, химия, физика. Сабақтың тақырыбын мұғалім өз бетінше таңдайды. Байқауға қатысу үшін сізге:
  1. Instagram әлеуметтік желісінде біздің ресми парақшаға жазылу керек: @stem_academia ;
  2. Байқау туралы жарияламаны stories-ке салып, репост жасаңыз және ұйымдастырушылардың парақшасын белгілеңіз (@stem_academia);
  3. Мектеп мұғалімі ретінде мекемеде ресми жұмыс жасау керек.
ЕСКЕРТПЕ: Байқау шарттарына сәйкес, өтінімдер мен бейнематериалдар қатысушының деректерін (аты-жөні, байланыс телефоны, оқу пәні, оқу орнының атауы) толық көрсете отырып, тек қана белгіленген мерзімдерде қабылданады. Қосымша ақпарат конкурстың telegram-каналында: ( https://t.me/stem_academia ); Видео-сабаққа қойылатын талаптар:
  1. Бейне сабақты өткізу кезінде міндетті түрде интерактивті бағдарламаны пайдалану керек (интерактивті бағдарлама сіздердің таңдауыңыз бойынша);
  2. Бейнесабақ қолайлы дыбыс/жарық сапасымен жазылуы керек;
  3. Қатысушы сабақтың тақырыбын/бөлімін өзі таңдайды, тақырып МЖБС (ГОСО) оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек, сонымен қатар толық ашылады;
  4. Бейнесабақ қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілуі мүмкін;
  5. Бейнероликтің ұзақтығы кемінде он (10) минут және он бес (15) минуттан аспауы керек ;
  6. Бейнесабақты жазу аудиторияда немесе онлайн режимінде (мысалы: ZOOM конференциясы) және студенттердің қатысуы міндетті;
  7. Бейнені оңай түрде өңдеуге (дыбысты теңестіру, кадрды реттеу және т.б.) рұқсат етіледі;
  8. Қатысушы туралы ақпарат жазылған бейнероликті мына электрондық пошта арқылы жіберу керек (ceo@stem-academia.com). Сонымен қатар, өзіңіздің Youtube арнаңызға жүктеп, сілтемесін жоғарыда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз.

+7 (700) 088 – 01 – 36 | +7 (700) 088 – 01 – 37 / ceo@stem-academia.com

Серіктес жаңалықтары