Шенеуніктердің шетелдегі ақшасы мен мүлкі туралы мәлімет жарияланды

Шенеуніктердің шетелдегі ақшасы мен мүлкі туралы мәлімет жарияланды

Шенеуніктердің шетелдегі ақшасы мен мүлкі туралы мәлімет жарияланды
ашық дереккөзі
Еліміздегі мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайларының шетелдік банктерде шамамен 530 млрд теңгесі сақталған, деп хабарлайды turkystan.kz ls.kz-ке сілтеме жасап. Мәліметті Мемлекеттік кірістер комитеті жариялаған. Ресми ақпаратқа сүйенсек, 354 қазақстандық шенеунік 59 елдің банктерінде 529 млрд теңге сақтайды. Ең көп сома БАӘ, Сингапур, Швейцария банктерінде тіркелген. Сонымен қатар, 377 шенеунік 25 мемлекеттегі 466 жылжымайтын мүлкін  декларациялады. Жылжымайтын мүліктің көбісі - Ресей, АҚШ, БАӘ және Түркияда. Одан бөлек, 24 қазақстандық мемлекеттік қызметкер 24 елдегі бағалы қағаздары туралы мәлімет берді. Активткердің ең көбі - АҚШ, Ресей, Ұлыбританияда. Жалпы биыл кіріс пен мүлік туралы декларацияны 576 872 жеке тұлға тапсырған.