«АрселорМиттал Теміртауға» 1,3 млрд теңге айыппұл салынды

«АрселорМиттал Теміртауға» 1,3 млрд теңге айыппұл салынды

«АрселорМиттал Теміртауға» 1,3 млрд теңге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Қарағанды ​​облысы бойынша мемлекеттік Кірістер департаменті ірі салық төлеушілерге қатысты салықтық әкімшілендіру аясында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на 1,3 млрд теңге айыппұл салды деп хабарлады turkystan.kz.
«2017 жылғы кабинеттік мониторинг барысында корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы нақты есептелген салықтан төмен бағаланғаны анықталды. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК 278-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік материал толтырылып, 1,3 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Материалдар әкімшілік сотқа жіберілді», - делінген хабарламада.
21 желтоқсанда Қарағанды ​​облыстық соты «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының шағымын қарады. Әкімшілік жаза өзгеріссіз қалдырылды.