«AMANAT»: бірқатар өңірдегі филиалдардың төрағасы сайланды

«AMANAT»: бірқатар өңірдегі филиалдардың төрағасы сайланды

«AMANAT»: бірқатар өңірдегі филиалдардың төрағасы сайланды
ашық дереккөзі

«AMANAT» депутаттық фракцияларының өңірлік мәслихаттардағы жұмыс қорытындысы, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасының жүзеге асуы, сондай-ақ партия филиалдарының жаңа төрағаларын сайлау. Аманаттықтар осы және өзгеде өзекті мәселелерді бүгін партия филиалдарының кезектен тыс конференцияларында талқылады деп хабарлады turkystan.kz.

Көкшетауда «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының кезектен тыс XXXVIII конференциясы өтті. Конференция делегаттары ашық дауыс беру арқылы Айна Мысырәлімованы партия филиалының төрағасы ретінде сайлады.

 width=

Ол өз сөзінде партияның аймақтағы сайлауалды уәделерінің орындалу барысына тоқталды. Мәселен, былтыр облыста 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, 70 білім беру ұйымында жөндеу жүргізілді, Қосшы қаласында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді, «ЩучинскСтепнякУәлиханов» және «Астана қаласының Шығыс айналма жолыСарыоба стансасы» сынды облыстық маңызы бар 2 автожолғакүрделі жөндеу жүргізілді.

 width=

«Мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелерішалғайдағы елді мекендерге 40-тан астам сапаржасады. Қоғамдық қабылдауларға жыл басынан бері барлығы 7 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Ерейментау қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Есіл қаласында хоккей корты салынды. Облыстық «Жер аманаты» комиссиясының араласуымен өңірде 300 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды», деді Айна Мысырәлімова.

Осындай конференция «AMANAT»-тың Павлодар облыстық филиалында да өтті. Филиалдың жаңа төрағасы болып Илья Теренченко сайланды. Ол жыл басынан бері облыста партия бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 20 мыңға жуық жұмыс орны құрылғанын, еңбек күші артық өңірлерден Павлодар облысына 2 мыңнан астам адам көшіп келгенін, биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 220 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылғанын атап өтті.

«Бастауыш партия ұйымдарының пайдасына партиялық жарналардың 20%-ын қайтару туралы норманы енгізе отырып, демеушілік ұйымдармен бірлесіп биыл жазда 100-ден астам зейнеткер үшін санаторлы-курорттық демалыс ұйымдастырылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылау мақсатында партиялық 14 мониторинг тобы құрылды. Бүгінде бас-аяғы 317 рейд жүргізілді», деді Илья Теренченко.

 width= Жаңадан құрылған Абай облысындағыпартиялықтар да шет қалмады. Өңірлік филиал биылқыркүйек айында құрылғанына қарамастан, «AMANAT»-қа 3 мыңға жуық адам жүгініп, 1 мыңнан астам рет азаматтар қабылданды. Партияның сайлауалды уәделерін орындау аясында Ақсуат ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Ақсуат ауданында 3 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді және т.б.

Конференцияға қатысқан делегаттардың ашық дауыс беруімен партияның Абай облыстық филиалының төрағасы болып Қуаныш Сүлейменовсайланды.