Министр ақау шыққан ЖЭО басшыларына айыппұл салуды ұсынды

Министр ақау шыққан ЖЭО басшыларына айыппұл салуды ұсынды

Министр ақау шыққан ЖЭО басшыларына айыппұл салуды ұсынды
ашық дереккөзі
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында ақауға жол берілген жылу электр нысандарының бірінші басшыларына айыппұл салуды ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
«Электр стансаларын, жылу және электр желілерін энергетикалық бақылауды жүргізе отырып, Кәсіпкерлік кодекс шеңберінен шығару ұсынылады. Екіншіден, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын қолданбай бақылау, станцияларды, жылу және электр желілерін жыл сайын кемінде 4 рет тексеру, магистральдық жылу желілерін бақылауды әкімдіктерден министрліктің энергетикалық қадағалау комитетіне беру көзделіп отыр. Нұсқамаларды сот тәртібімен мәжбүрлеп орындату, авариялар мен технологиялық бұзушылықтардың туындауына қарай бақылау жасау, жөндеу жұмыстарына тексеру жүргізу және инвестициялық келісімнің орындалуы, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексте айыппұлдарды ұлғайту және оларды кәсіпорынның бірінші басшыларына салу бөлігінде энергетикалық бақылауды күшейтуге бағытталған салалық тәсілдерді қолдау қажет», - деді Болат Ақшолақов.