ӘЧ: Мессидің финалдағы голы есептелмеуі мүмкін бе?

ӘЧ: Мессидің финалдағы голы есептелмеуі мүмкін бе?

ӘЧ: Мессидің финалдағы голы есептелмеуі мүмкін бе?
ашық дереккөзі
Катарда футболдан өткен әлем чемпионатының финалында Мессидің 108-минутта Франция қақпасына салған голы есептелмеуі керек деген материал жарияланды деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап. Кездесудің қосымша уақытында есеп 2:2 болып тұрғанда Лионель Мессидің голы Аргентина құрамасын алға шығарған еді. Осы голдан кейін оңтүстікамерикалықтардың қосалқы құрамының ойыншылары қуанып, алаңға шығып кеткен болатын. Льористің сейвінен кейін Месси гол салғанда Аргентина құрамасының қосалқы құрамының ойыншылары эмоцияға беріліп, алаңға шығып кетті. Олар жеңісті тойлауға дайын болды. Бұған қатаң тыйым салыну керек еді.
«Төреші гол салынғаннан кейін алаңда бөгде адам болғанын байқаса, голды есепке алмау керек» деп ереженің тоғызыншы пунктінде көрсетілген. Сондықтан төреші ойынды дереу тоқтатып, Аргентина құрамасын алаңға шыққан қосалқы құрамы үшін жазалауы керек еді», –  делінген франциялық басылымда.