ӘЧ-да сенсация жасаған Марокко туралы 10 дерек

ӘЧ-да сенсация жасаған Марокко туралы 10 дерек

ӘЧ-да сенсация жасаған Марокко туралы 10 дерек
ашық дереккөзі
50374
Биыл футболдан өтіп жатқан әлем чемпионаты сенсацияға толы болды. Атап айтқанда: Жапонияның, Оңтүстік Кореяның және Марокконың азулы қарсыластарын жеңуі. Ширек финалда Португалияны тізе бүктірген Марокко құрамасы енді жартылай финалда Франциямен кездеседі. Turkystan.kz сайты сіздерге Марокко туралы қызықты 10 дерек дайындады. Марокко – Африканың солтүстігінде орналасқан ел.
  1. Марокконың Фес деп аталатын қаласында әлемдегі ең көне университет орналасқан. Оның негізі 859 жылдары қаланған.
  2. Марокколықтар, негізінен, діни сенімдегі халық. Әр вокзалда құлшылық қылуға арналған орындар бар. Мұндай орындар тіпті жанармай бекеттерінде де кездеседі.
  3. Марокко – билікке жаңа патша келген кезде валютасындағы басшының суреті ауысып отыратын патшалық. Яғни жаңа келген басшының суретін ескісін алмастырады. Дегенмен, ескі валюта жарамды күйде сақталады.
  4. Ел валютасы әлемдегі ең тұрақты ақшалардың бірі.
  5. Марокко – Африка одағына кірмейтін африкада орналасқан жалғыз ел.
  6. Ел халқының бір бөлігін туаректер тайпасы құрайды. Олардың салты бойынша туарек өзгелерден жүзін жасырады. Егер біреу көріп қойса, онда көрген адамды өлтіру керек не жүзін көрсеткен адам өзіне қол салуы тиіс. Қазір бұл дәстүр тоқтаған.
  7. Елдің тең жартысын Сахара шөлі алып жатыр.
  8. Әлемдегі ең тәтті мандариндер мен апельсиндер осы елде өседі.
  9. Шетелден келетін жиһанкездерді айтпағанда, бұл елде вегетариандықтар жоқ.
  10. Мароккодағы ең танымал спорт түрлі – футбол.

Серіктес жаңалықтары