50431
Қырғыз Республикасы мен Ресей бірігіп интернеттегі қауіпсіздікті бақылайды
Қырғыз Республикасы мен Ресей бірігіп интернеттегі қауіпсіздікті бақылайды
Қырғыз елінің президенті Садыр Жапаров пен Владимир Путин халықаралық деңгейде интернеттегі ақпараттық қауіпсіздікті бірге бақылайтын ынтымақтастық мәселесінде келісімге келді.
"Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының президенттері бүкіл халықаралық қауымдастықты ақпараттық саладағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге шақырады және осы мәселе бойынша барлық мемлекеттермен диалогқа дайын екендіктерін білдіреді. Садыр Жапаров пен Владимир Путин халықаралық бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауға кедергі келтіретін, террористік және өзге де қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ егемендікке нұқсан келтіру, мемлекеттердің аумақтық тұтастығын бұзу және жаһандық ақпараттық кеңістікте іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану нәтижесінде туындауы мүмкін мемлекетаралық қақтығыстардың алдын алу мен бейбіт жолмен реттеуді жақтайды ", - делінген ҚР Президенті баспасөз қызметінің хабарламасында.