Қазіргі уақытта дүние жүзіндегі мегаполистердің алдында жаңа жаһандық сын-қатерлер мен міндеттер тұр. Астана да солардың қатарында. Экономикалық көрсеткіштер, кәсіпкерлікті дамыту, инфрақұрылым, қолжетімді әлеуметтік қызметтер – өз жұмысымызда қала өмірі үшін маңызы зор барлық саланы қамтимыз.
«Қала тұрғындарының саны, құрылыс көлемі жыл сайын өсіп келе жатқанын ескеріп, жылу, су және электрмен жабдықтау нысандарының қуатын ұлғайту бойынша жұмыс істейтін боламыз», - деді Жеңіс Қасымбек.