219
2 жарым мың әкімге 110 миллиард теңгеден астам қаржы түседі
2 жарым мың әкімге 110 миллиард теңгеден астам қаржы түседі
Қазақстан Парламенті төменгі палатасының спикері Нұрлан Нығматулин ауыл әкімдері арасындағы жемқорлық жайында пікір білдірді.
Төменгі палатаның жалпы отырысында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша заң жобасы қаралып жатыр. Бұл заң жобасы 2018 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқарудың өз бюджетін енгізуді қарастырады.
"Ауыл, ауылдық округ деңгейлерінде коммуналдық меншік туралы төртінші деңгейлі бюджет идеясы жүзеге асуы үшін адамдардың оған дайын болуы керектігімен сөзсіз келісеміз. Осыған байланысты бірқатар шара қабылданып жатыр. Тренингтер өтіп, ауыл әкімдерін оқыту жүргізілу үстінде, анықтама немесе кітапша шығарамыз деп келістік. Сонымен бірге, осы мәселеге жүйелі түрде қарауымыз керек. Мерзімі бойынша белгілі бір мәселелер бар. Осы шаралар кешенінің арқасында сөз бен істе айырма болмайды деп үміттенемін", - деді ҚР ҰЭМ басшысы Тимур Сүлейменов.
Министрдің бұл сөзіне қатысты Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин былай деп жауап қатты.
"2,5 мың әкімге 110 миллиард теңгеден аса ақша түседі. Олардың қызметіне коммуналдық иелікті басқару да кіреді. Оқытуды кім және қашан жүзеге асырады? Мұндай қаражатты көрмеген ауылдың байғұс әкімін ешкім де кітапшамен, тренингпен, ақпараттық топтармен дайындай алмайды. Кітапша емес, кітап сыйласаңыз да", - деді ол.
Айтуынша, ауыл әкімдерін бюджет пен коммуналдық иелік процесін сауатты басқаруға үйрету керек.
"Егер олар бұл жобасы ұсынып отырған ақша ағымдарын басқарудың осы құралдарын пайдалана алмаса, біз кем дегенде ақшаны тиімді жұмсамаудың куәсі боламыз. Ал осы ауыл әкімдері дайындығы жоқтығынан антикоррупция қызметінің "клиенті" болуы мүмкін. Не айтып отырғанымызды түсінесіз бе? Бізге антикоррупция қызметінің "клиенттері" емес, дайын әкімдер керек", - деп қорытты сөзін Нығматулин.