Сәрсенбі, 1 Ақпан, 2023

Тоқаев санкциялардың әсері туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Бішкектегі отырысында санкциялар текетіресі ЕАЭО елдеріне қалай әсер етіп жатқаны туралы пайымын айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Бәрімізге белгілі, санкция шектеулері Еуразиялық экономкалық одаққа мүше елдердің бәрінің экономикасына қысым көрсетіп жатқанын мойындау керек. Сондықтан, біздіңше, комиссия мен елдеріміздің үкіметтеріне осы мәселеге айрықша назар аударып, осынау санкция шектеулерінің әсерін бәсеңдету жолдарын ұсыну қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент Қазақстанның бастамасы бойынша құрылған Жоғары әрекет ету тобының жұмысын тиімді деп бағалады.

«Бірақ оған ұлтүсті аспектілер жетіспейді. Бұл жұмысқа алқа мүшесі ретіндегі комиссия басшылық етуі керек деп есептеймін. Әрине, жұмыс барысында комиссия мандатын басшылыққа алып, халықаралық аспектілерді ескеру керек», – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысып жатыр. Одаққа мүше елдердің басшылары қазір шағын құраммен отырыс өткізуде.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барғаны хабарланған еді.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button