Роналдудың әлем чемпионатынан кетіп қалуы мүмкін бе?

Роналдудың әлем чемпионатынан кетіп қалуы мүмкін бе?

Роналдудың әлем чемпионатынан кетіп қалуы мүмкін бе?
ашық дереккөзі
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Катардағы әлем чемпионатынан кетіп қалмақ деген қауесет тарағаннан кейін, футболшының өзі әлеуметтік желіде жазба жариялады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Мұның алдында португалиялық ойыншы өзін алаңға шығармай, қосалқы ойыншылар қатарында отырғанына наразы, осы үшін ӘЧ-дан кетіп қалмақ деген ақпарат тараған болатын.
«Командамыздың ауызбіршілігі мықты, сондықтан сырттан келіп ешкім іріте алмайды. Біздің ұлт батыл, ешкімнен қорқып қалмаймыз. Команда арманы үшін соңына дейін күреседі! Бізбен бірге сеніңіздер! Алға, Португалия!» деп жазды Роналду Instagram желісінде.