Қырғыз Республикасында Еуразия ұлттық университетінің филиалы ашылды

Қырғыз Республикасында Еуразия ұлттық университетінің филиалы ашылды

Қырғыз Республикасында Еуразия ұлттық университетінің филиалы ашылды
ашық дереккөзі
443
Қырғыз елінің Ош қаласында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филиалы ашылды. Филиал Ош мемлекеттік университетінің негізінде құрылды. Онда ЕҰУ мамандардың сапалы даярлығын қамтамасыз етіп, халықаралық ғылыми және білім беру саласындағы ынтымақтастықты белсенді дамытады. Ұлттық университет 2024 жылдың соңына дейін шетелде тағы бір филиал ашуды жоспарлап отыр. Ресми ашылу рәсіміне ЕҰУ-дың ғы­лым, коммерцияландыру және ин­­тернационалдандыру жөніндегі про­рек­торы Жанна Құрманғалиева, Ош мем­лекеттік университетінің ректоры Құдай­бер­ді Қожобеков, Қазақстанның Ош қа­ла­сындағы консулы Мұхтар Кәрі­бай, оқы­­тушылар мен студенттер қа­тысты. «ЕҰУ филиалының ашылуы біздің ел­­дер арасындағы достық пен тату көр­ші­ліктің, білім және ғылыммен қатар бар­лық салада ынтымақтастықты арт­тыру­ға өзара ұмтылыстың арқасында мүм­кін болып отыр. Кадрларды жоғары са­па­да даярлау, нәтижелі ғылым, бәсе­кеге қа­білетті патриот жастар бауырлас ха­лық­­тарымыздың, жалпы өңірдің бола­ша­ғы үшін университеттердің елеулі үлесіне ай­нала алады. Филиал Қа­зақстан мен Қыр­ғыз мемлекетінің ең да­рынды сту­дент­тері мен ғалымдарын тар­тады деп үміт­тенемін. Бұл бағытта ЕҰУ халы­қ­ара­лық білім беру нарығында өзі­нің бәсекеге қабілеттілігін тұрақты түр­де арттырып ке­леді. Біздің универ­ситет QS World University Ranking рей­тин­гінде әлемнің үздік 300 жоғары оқу орнының қатарына кіріп, 277-орынды иеленді. Жақында ЕҰУ зерт­теу универ­си­теті мәртебесі берілді. Бұл өз ке­­зегінде ғылыми-академиялық кол­ла­борация мүмкіндіктерін кеңейтеді», – деп атап өтті ЕҰУ проректоры Жанна Құрман­ға­лиева. Қазіргі жағдайда ЕҰУ филиалында 30-ға жуық студент білім алып жатыр. Олар алғашқы екі курсты Ош қаласында, кейін­гі екі жылда Қазақстанда таңдаған кәсіптерін меңгереді. Оқу бағдарламасы ая­сында қырғыз жастары қазақ тілін мең­геруде. Келесі жылы «Қазақстан тарихы» пә­нін енгізу жоспарда бар. Филиалда жо­ғары кәсіби білім берудің екі бағыты бойын­ша мамандарды даярлау жүргі­зіле­ді: «аударма ісі» және «орыс тілі мен әде­бие­ті». Алдағы уақытта жаратылыстану ғылымы, физика және IT бағытында білім беру бағдарла­ма­ларының санын көбейту жоспарланып отыр. «Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің филиалы бауырлас ха­лықтар арасындағы достықтың тағы бір көпіріне айналады. Қазақстан мен Қыр­ғыз Республикасының білім беру жүйе­лерінің интеграциясына ықпал ете­ді. Сонымен бірге бұл біздің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақ­тас­тық­ты сапалы жаңа деңгейге көтереді», – деп атап өтті Ош мемлекеттік универ­ситетінің ректоры Құдайберді Қожо­беков. ЕҰУ ғылыми-білім беру жобалар, ака­демиялық ұтқырлық бағдар­ла­малар, бірлескен білім беру бағдарла­малары, шетелдік мамандарды тарту бойынша қырғыз әріптестерімен бірлесе белсенді жұмыс жүргізеді. Биылғы оқу жылында универ­си­теттің Welcome to ENU академия­лық ұтқырлық бағдарламасы аясында қыр­ғыз елінен 46 студент білім алып жа­тыр. Айта кету керек, бүгінде Л.Гумилев атын­дағы ЕҰУ-дың әлем бойынша 12 орта­лығы мен өкілдігі бар. Сондай-ақ ұлт­тық университет 450-ден астам же­тек­ші шетелдік университетпен ха­лық­аралық ынтымақтастық орнатқан.

Б.ТОҚТАРБАЙ.

 

Серіктес жаңалықтары