Тәуелсіздік жылдарында БАӘ елімізге 2 миллиард доллар инвестиция салған

Тәуелсіздік жылдарында БАӘ елімізге 2 миллиард доллар инвестиция салған

Тәуелсіздік жылдарында БАӘ елімізге 2 миллиард доллар инвестиция салған
ашық дереккөзі
224
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиге барды. Тәуелсіздік алғалы бері елімізге Біріккен Араб Әмірліктерінен келген тікелей инвестиция көлемі 2 миллиард долларға жуықтаған.    Осы аралықта екі ел арасындағы ынтымақтастық пен экономикалық байланыстар ұлғая түсті, тығыз қарым-қатынасты жетілдіре түсу сапардың басты міндеті болмақ. Сапар аясында Қазақстан Президентінің Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткерлерімен, іскер топ өкілдерімен бірқатар келіссөздері, сондай-ақ Дүниежүзілік Х «Болашақтың энергиясы» саммитінің жұмысына қатысуы жоспарланған. Елбасы сапарын осы келіссөздерден бастады. Абу-Дабидің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Бұл кездесуде Қазақстан Президенті мен Абу-Дабидің тақ мұрагері сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екі елдің ынтымақтастығы мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелер талқыланды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің және Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қажеттіліктері үшін Астана қаласында және Абу-Даби қаласында жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімге қол қойылды. Сонымен қатар ел Үкіметтері арасындағы Дипломатиялық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама жасалды. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Ислам істері және уақыфтар бас агенттігі арасында және «АСТАНА ЭКСПО-2017» және «ЭКСПО ДУБАЙ 2020» бюросы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар консулдық мәселелер бойынша комиссия құру, туризм саласындағы ынтымақтастық, автокөлік арқылы халықаралық жолаушылар және жүк тасымалын жүзеге асыру жөнінде өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Бұдан кейін Мемлекет басшысы іскер топ өкілдерімен кездесті. Кездесуге әмірліктердің әлемдік деңгейде жұмыс жүргізетін жетекші компанияларының басшылары қатысты. БАӘ – Қазақстанның Таяу Шығыс аумағындағы негізгі серіктесінің бірі. «Қазақстанда әмірліктер капиталының қатысуымен 200-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олар ауыл шаруашылығы, металлургия және энергетика салаларын қамтиды. «Мубадала» мемлекеттік инвестициялық компаниясымен тығыз байланыс орнаған», – деді Мемлекет басшысы. Соның бір дәлелі – Астанада жалпы құны 1,6 млрд доллар болатын «Абу Даби Плаза» екі жақты ірі инвестициялық жоба. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің экономиканы әртараптандыруға айрықша көңіл бөліп, озық 30 мемлекеттің қатарына қосылу міндетін алдына қойып отырғанына тоқталды. «Осы мақсатқа жету үшін Қазақстанда бизнеске барынша жеңілдіктер қарастырылып, инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасалуда. Тәуелсіздік жылдары еліміздің экономикасына жұмсалған шетелдік тікелей инвестиция 265 миллиард доллардан асады. Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» рейтингінде Қазақстан 35-ші орынға ие болды. Бүгінгі таңда 56 мемлекеттің азаматтары Қазақстанға визасыз келе алады. Олардың қатарында Біріккен Араб Әмірліктері де бар», –деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруға Біріккен Араб Әмірліктері компанияларын белсене қатысуға шақырып, еліміз жан-жақты инвестициялық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Нақтырақ айтсақ, басымдығы бар салаларда инвестор корпоративтік табыс салығынан және жер салығынан 10 жылға, мүлік салығынан 8 жылға босатылады. Шетелдік кәсіпкерлерге қолдау көрсететін Шетелдік инвесторлар кеңесі 19 жылдан бері тиімді жұмыс атқарып келеді. Қазақстан Президенті әмірліктердің бизнесмендеріне Қазақстанда қазір ірі мемлекеттік нысандарды жекешелендіру науқаны жүріп жатқанын, оның аясында жеті жүздей мемлекеттік кәсіпорын сатылымға шығарылғанын жеткізді. Оның ішінде тау-кен металлургиясы, мұнай өндіру, энергетика, көлік және байланыс саласындағы кәсіпорындардың, инфрақұрылым нысандарының акциялары. Елбасы әмірліктер компанияларының жекешелендіру ісіне атсалысуын құптайтынын жеткізді. Елбасы «Болашақтың энергиясы» саммитіне қатысты Мемлекет басшысының БАӘ сапарының басты міндеттерінің бірі осы болатын. Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммиті аясында ашылған көрмені аралады.  «Сарапшылар оны қазірдің өзінде «таза энергияның дипломатиясы» деп атауда. Бұл әсіресе жаңа Климат жөніндегі Париж келісімі ауқымында жұмыс жүргізіліп жатқан кезде ерекше маңызды ресурсқа бай кейбір мемлекеттер өкілдері өз энергетикалық саясатының салдары туралы ойлана бермейді. Басқа елдерде бұл саясат өз ресурстарын сақтап қалып, үшінші елдерге экономикалық энергетикалық экспансия жасауға негізделген», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы саммит жұмысы ұлттық «таза» энергетикалық саясаттың әзірленуі мен белсенді түрде енгізілуіне себепші боларына сенім білдіріп, энергияның жаңа көздерінен пайда таба білу қажет екенін жеткізді. Елбасы қоғамдық таза көліктер туралы айта келіп, былтыр елімізде электромобиль шығаратын өз өндірісін бастағанын және оны келешекте кеңейте түсуге, сондай-ақ электрлі автобустар шығаруды қолға алуға ниетті екенін жеткізді. Қазақстан Президенті жаңартылатын энергия ұраны арқылы әлем елдерінің көбінің басын біріктіре алған Халықаралық жаңартылатын энергия көздері жөніндегі агенттіктің қызметіне тоқталды, сондай-ақ энергияның таза көздерін қаржыландыру ісінде «жасыл» қаржы маңызды рөл атқаруға тиіс екенін айтты. «Жасыл» облигациялар нарығы соңғы жылдары шарықтап, 70 миллиард долларға дейін жетті. Бұл осыдан үш жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 6 есе көп. Аталған бағалы қағаздар жаңартылатын энергетика үшін зор синергетикалық нәтиже бере алады , – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанның бейбіт атомды қолданудың жақтаушысы екеніне назар аударып, 2015 жылы МАГАТЭ біздің ел аумағында Төмен байытылған ядролық отын банкін құру туралы шешім қабылдағанын еске салды. «Банк бейбіт атом энергетикасын дамытуды жоспарлап отырған мемлекеттерге арналған. Бүгінде уранға балама ретінде торийді қолдану жайы қызу зерттелуде. Осыған байланысты атом саласының тиімділігі айтарлықтай арта түсуі мүмкін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осыдан кейін Қазақстан Президенті биыл еліміздің астанасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізетінін, көрме аяқталған соң оның инфрақұрылымы базасында жаңа «Астана» халықаралық қаржы орталығы орналасатын атап өтті. Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Аднан Әминмен кездесті. Мемлекет басшысы IRENA агенттігінің көптеген елдердің жаңартылатын энергетика саласындағы күшін жұмылдырушы ретіндегі  рөлін атап өтті.  Тараптар серіктестік қарым-қатынастардың табысты дами беретініне сенім білдірді. Сонымен қатар Н.Назарбаев «Calatrava Grace Corporation» компаниясының атқарушы директоры Майкл Калатравамен кездесті. Жүздесуде компанияның біздің елімізбен арадағы ұзақ мерзімге арналған ынтымақтастығының перспективалары талқыланды. Биыл Қазақстанның елордасында «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетіні белгілі. Оған 110-нан астам мемлекет, 18 халықаралық ұйым және жаңартылатын энергетика саласындағы жетекші әлемдік компаниялар қатысады. Әмірліктер – араб мемлекеттері арасынан «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатынын ресми түрде растаған бірінші мемлекет.  

Серіктес жаңалықтары