Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында гол салған ең кәрі ойыншы португалиялық қорғаушы Пепе ме? Себебі ол туралы жарыса жазып жатқан ақпарат көзі көп. Португалия мен Швейцария арасындағы ойын 6-1 есебімен аяқталған болатын.
1983 жылы 26 ақпанда дүниеге келген Пепенің қазір жасы 39-да. Нақтырақ айтқанда, 39 жас 9 ай. Алайда ол ӘЧ-да гол салған ең кәрі футболшы емес.

Камерун ұлттық құрамасының шабуылшысы Роже Милла 1952 жылы 20 мамырда дүниеге келген. Әрі ол әлемдегі ӘЧ-да гол соққан ең кәрі ойыншы. 1994 жылы Ресей мен Камерун арасындағы кездесуде гол соққан Роже Милла 42 жаста болған.