Алматыдағы Elmedia редакциясының кеңсесіне шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды деп хабарлады turkystan.kz агенттікке сілтеме жасап.
«Күдікті 18 жасар екі адамның – Алматы және Тараз қаласының тұрғындары - ұсталғаны туралы ақпаратты жұма күні ішкі істер министрлігі ҚазТАГ агенттігіне растады. Оларға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды», - делінген хабарламада.Еске салсақ, соңғы бір жарым айда Elmedia редакциясы төрт рет шабуылға тап болды. Бұзақылар кеңсенің терезесін сындырған. Сонымен қатар басылымның бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваға да қастандық жасалған.