Алматыдағы «арзан асфальт»: автобус шұңқырға түсіп кетті

Алматыдағы «арзан асфальт»: автобус шұңқырға түсіп кетті

Алматыдағы «арзан асфальт»: автобус шұңқырға түсіп кетті
ашық дереккөзі
Алматыда асфальт опырылып, №122 жолаушылар автобусы шұңқырға түсіп кетті деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға орнынан түсірілген сурет әлеуметтік желілерде тарады.
«Алатау ауданы, Мәдениет (Рахат) ықшам ауданында бәрі опырылып жатыр. Бізде ешқашан жол жөнделген емес, тек жамау. Сондай-ақ жаяу жүретін жол да жоқ, бәрі жарамсыз. Көліктер мен автобустар өте алмайды», - деп жазды желі қолданушы.
Бұл жағдайға байланысты энергетика басқармасы жауап берді. Ведомствоның айтуынша, мамандар көрсетілген мекенжайға барды.
«Связьстроймеханизация» ЖШС мердігер ұйымының кепілді міндеттеме негізінде Рахат (Мәдениет) шағын ауданында магистральдық су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылы аяқталды. Мердігер компания қатты жауын-шашыннан кейін пайда болған шұңқырларды толтырып жатыр. Жақын арада қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді», - деп хабарлады басқармадан.